Vol. 1 No. 1 (2024): COMPUTER LINGUISTICS: PROBLEMS, SOLUTIONS, PROSPECTS
Articles

КӨНЕ ТҮРКІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ

Published 2024-05-22

Abstract

Қазақ әдеби тілі сонау ерте түркі заманынан беріге дейін сүзгіден өткен сан ғасырлық тарихы бар тіл. Әдеби тіліміздің тарихын зерттегіміз келсе, тіліміздің тарихына аса мән беру керек. Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың тобына жататындықтан, көне түркі ескерткіштерін зерттеуді негізге аламыз. Бүгінгі тіл топтары көші-қон нәтижесі немесе өмір сүру дағдысындағы өзгерістерден пайда болған мәдени диффузиялардың нәтижесі екенін көрдік. Жоғарыда түсіндіріп өткеніміздей, соңғы бес, он мынжылдыктарда бұл өзгерістер өте қарқынды жүрді, бүгінгі күнгі тіл топтарының тарауына осынша уақыт кетті деп болжауымыздың бір себебі осы [1.45]. Қазақстанның көне жазба ескерткіштерін одан әрі анықтау мен зерттеудің түркі халықтарының көне мәдениетін және олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін жаңа ғылыми проблемаларды анықтаудың маңызы зор.