Articles
Published 2025-05-03
Keywords
- қазақ прозасы, көркемдік тәсіл, метафора, эпитет, монолог, символика, рухани ізденіс, адамгершілік, ұлттық болмыс.
Abstract
Бұл мақалада қазақ прозасының көрнекті өкілі Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармашылық ерекшеліктері мен көркемдік шеберлігі талданады. Жазушының «Өмір» және «Қысқы түн» әңгімелері негізінде адам жанының терең иірімдері, рухани ізденіс, ұлттық болмыс және қоғам мен тұлға арасындағы байланыс көркемдік құралдар арқылы сараланып көрсетілген. Автордың стильдік тәсілдерге (метафора, эпитет, монолог, символика) ерекше мән беруі оның прозасын терең мазмұнмен, философиялық оймен байытады.