Published 2025-05-03
Keywords
- Орта ғасыр, жазба мұра, көне түркі, руникалық жазу, араб графикасы, әдеби тіл, «Диуани лұғат ат-түрк», тілдік сабақтастық, лексикалық қор, араб мәдениеті, фразеология, сұраулық шылау, тарихи ескерткіш.
Abstract
Бұл мақалада түркі халықтарының орта ғасырлық жазба мұраларының рухани, мәдени және тарихи маңызы жан-жақты талданады. Түркі жазба ескерткіштері тарихи, әдеби, діни, құқықтық және тілдік тұрғыдан аса құнды дереккөз ретінде қарастырылады. Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, ислам дәуіріндегі әдеби және ғылыми еңбектерге дейінгі жазба мұралар мазмұны мен жанры бойынша сараланып, олардың түркі халықтарының дүниетанымы мен тілдік құрылымындағы орны айқындалады. Әсіресе Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегі тілдік тұрғыда талданып, көне түркі мен қазіргі қазақ және түрік тілдеріндегі сабақтастық көрсетіледі. Сондай-ақ араб тілінің әдеби тіл ретінде қызмет етуі, оның түркі тілдеріне әсері мен әдеби тіл қалыптасуындағы рөлі ғылыми негізде қарастырылады.