Articles
Abstract
Мақала – қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалар ішіндегі қосүнді сөз (ортақ төл сөз) туралы. Қосүнді сөз – көркем шығармадағы автор сөзі, кейіпкер сөзі деген ұғымдармен тектес, солармен бір қатардағы құбылыс. Яғни ол – авторлық баяндау мен қатысушылар (кейіпкерлер) сөзі. Шығармадағы қосүнді сөзде кейіпкердің де, автордың да сөздері, оның ішінде қаһарманын психологиялық тұрғыда ойлата білетін ішкі монологта да бар. Бұл мақалада қосүнді сөздің әдеби шығарманы талдау барысындағы алатын маңызды рөлін ашып көрсетеді. Көркем туындыларды зерттеудің жаңаша әдісі туралы баяндалады. Мақаланы жазу барысында осы тақырып төңірегінде зерттеу жүргізген тілші ғалымдардың еңбектерінен сілтеме жасалынды.