Published 2026-06-01
Keywords
- эмоционалды лексика, корпус лингвистикасы, қазақ тілі, көңіл күйді талдау, эмоция, NLP, эмоциялық сөздік.
Abstract
Мақалада қазақ тіліндегі эмоционалды лексиканы корпус негізінде анықтау мәселесі қарастырылады. Эмоционалды лексиканың теориялық негіздері, оның тіл біліміндегі орны және корпус лингвистикасының мүмкіндіктері жан-жақты талданады. Сонымен қатар қазақ тіліндегі эмоциялық бірліктерді автоматты түрде тану әдістері, көңіл күйді талдау (sentiment analysis) жүйелері және эмоциялық сөздіктерді құрастыру мәселелері сипатталады. Зерттеу барысында жиілік талдауы, контекстік талдау, коллокациялық әдіс және компьютерлік лингвистика тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің агглютинативті табиғаты эмоционалды лексиканы автоматты түрде анықтауда белгілі бір қиындықтар туғызатынын көрсетті. Мақалада қазақ тіліндегі эмоционалды лексиканы цифрлық ортада зерттеудің болашағы мен NLP технологияларының маңызы айқындалады.