Vol. 1 No. 1 (2026): COMPUTER LINGUISTICS: PROBLEMS, SOLUTIONS, PROSPECTS
Articles

ТАБИҒИ ТІЛДІ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Published 2026-06-01

Abstract

Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы адам тілін автоматты түрде өңдеу мәселесін ерекше өзекті етті. Осы бағыттағы маңызды ғылыми салалардың бірі - табиғи тілді өңдеу технологиялары (Natural Language Processing – NLP). NLP – компьютердің адам тілін түсінуі, талдауы және өңдеуімен айналысатын жасанды интеллектінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл сала лингвистика, информатика, математика және когнитивтік ғылымдардың тоғысында қалыптасып, қазіргі таңда ғылыми-зерттеу мен практикалық қолдану аясында кеңінен дамуда.