Published 2026-06-01
Keywords
- лироэпостық жырлар, поэтикалық тіл, гендерлік поэтика, ер бейнесі, әйел бейнесі.
Abstract
Тіл ғылымында гендерлік бағытты қалыптастыру ауызша, жазбаша тараған мұралар негізінде іске асары хақ. т.б. Соның ішінде көркем мәтіндердегі гендер көрінісін стильдік қырынан зерттеудің де өзіндік мәні бар. Әйел мен ер адам тілінің ұлттықэтникалық деңгейдегі гендерлік айырмасы кез келген дәуір ақындарына (жазушыларына) тән. Халық ауыз әдебиетінде гендерлік сипат анық бейнеленген.
Қазақ лиро-эпостық жырлары ұлттық дүниетанымның, эстетикалық талғамның, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың көркем көрінісі болып табылады. Солардың ішінде Қыз Жібек жыры ерекше поэтикалық құрылымымен, тілдік өрнегімен және гендерлік сипаттағы бейнелеу жүйесімен дараланады. Жырда әйел мен ер бейнесі тек сюжеттік қызмет атқармайды, сонымен бірге ұлттық мәдени кодтың, әлеуметтік қатынастардың және қазақ қоғамындағы гендерлік ұстанымдардың көркем моделі ретінде көрінеді. Сондықтан «Қыз Жібек» жырының лингвопоэтикалық табиғатын гендерлік аспектіде қарастыру – қазіргі тіл ғылымдағы маңызды бағыттардың бірі.
Лингвопоэтика мәтіндегі тілдік бірліктердің эстетикалық, экспрессивтік және концептуалдық қызметін зерттейді. Ал гендерлік талдау әйел мен ер образдарының тіл арқылы берілу ерекшелігін, олардың әлеуметтік мәртебесі мен мәдени репрезентациясын анықтауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда «Қыз Жібек» жырындағы поэтикалық тіл тек көркемдік құрал емес, сонымен қатар гендерлік дүниетанымды қалыптастырушы семиотикалық жүйе ретінде танылады.