Vol. 1 No. 1 (2026): COMPUTER LINGUISTICS: PROBLEMS, SOLUTIONS, PROSPECTS
Articles

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА CHATGPT МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Published 2026-06-02

Keywords

  • ChatGPT, жасанды интеллект, қазақ тілі, цифрлық білім беру, тілдік дағдылар, инновациялық технология, жазылым, оқылым, цифрлық педагогика, білім беру платформасы.

Abstract

Бұл мақалада қазақ тілі сабақтарында ChatGPT платформасының мүмкіндіктерін пайдалану жолдары қарастырылады. Қазіргі цифрлық қоғам жағдайында білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Əсіресе ChatGPT секілді генеративті жасанды интеллект құралдары оқыту үдерісін жаңғыртуға, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға жəне білімді дербестендіруге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында қазақ тілі сабақтарында ChatGPT платформасын қолданудың негізгі бағыттары, оның тыңдалым, айтылым, оқылым жəне жазылым дағдыларын дамытудағы рөлі сараланады. Сонымен қатар ChatGPT арқылы тапсырма құрастыру, мəтін талдау, тілдік нормаларды меңгерту жəне оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту мəселелері қарастырылады. Мақалада жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктері ғылыми тұрғыдан талданып, отандық жəне шетелдік ғалымдардың пікірлері негізінде бағаланады.