Vol. 1 No. 1 (2026): COMPUTER LINGUISTICS: PROBLEMS, SOLUTIONS, PROSPECTS
Articles

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ РӨЛІ

Published 2026-06-02

Keywords

  • жасанды интеллект, жазылым дағдысы, қазақ тілі, цифрлық білім беру, мəтін құрастыру, шығармашылық жазу, ChatGPT, тілдік құзыреттілік, инновациялық технология, білім беру.

Abstract

Бұл мақалада оқушылардың жазылым дағдысын жетілдірудегі жасанды интеллект технологияларының рөлі қарастырылады. Қазіргі цифрлық қоғам жағдайында білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Əсіресе жасанды интеллект негізіндегі платформалар оқушылардың жазу мəдениетін қалыптастыруға, грамматикалық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға жəне мəтінмен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында жазылым дағдысының ерекшеліктері, жасанды интеллект құралдарының мəтін құрастырудағы мүмкіндіктері жəне олардың білім беру сапасына əсері қарастырылады. Сонымен қатар ғалымдардың цифрлық педагогика, жазылым əрекеті жəне жасанды интеллект туралы ғылыми тұжырымдары сараланып, қазақ тілін оқытудағы инновациялық бағыттардың тиімділігіне талдау жасалады.