Vol. 1 No. 1 (2026): COMPUTER LINGUISTICS: PROBLEMS, SOLUTIONS, PROSPECTS
Articles

ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНІҢ ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТЫНА ƏСЕРІ

Published 2026-06-02

Keywords

  • жаһандану, лексика, кірме сөздер, тілдік үдеріс, терминология, ағылшын тілі, неологизм, ұлттық тіл, мəдени ықпал, тілдік өзгеріс.

Abstract

Мақалада жаһандану үдерісінің тілдің лексикалық қабатына тигізетін ықпалы қарастырылады. Қазіргі кезеңде халықаралық экономикалық, мəдени жəне ақпараттық байланыстардың күшеюі ұлттық тілдердің сөздік құрамына айтарлықтай өзгерістер əкелуде. Əсіресе ағылшын тілінен енген кірме сөздердің көбеюі, терминологиялық жүйенің жаңаруы, жастар тіліндегі шетелдік элементтердің белсенді қолданылуы тілдік үдерістердің маңызды көрінісі ретінде сипатталады. Зерттеу барысында ғалымдардың жаһандану мен тілдік өзгерістерге қатысты пікірлері сараланып, қазақ тілінің лексикалық қабатындағы трансформациялық құбылыстар талданады. Сонымен қатар жаһандану жағдайында ұлттық тілдің табиғи болмысын сақтау мəселелері де қарастырылады.