Published 2026-06-02
Keywords
- жасанды интеллект, ағылшын тілі, жазылым дағдысы, цифрлық білім беру, ChatGPT, Grammarly, шығармашылық жазу, инновациялық технология, тілдік құзыреттілік, білім беру технологиясы.
Abstract
Бұл мақалада жасанды интеллект технологиялары негізінде оқушылардың ағылшын тіліндегі жазылым дағдысын дамыту мəселесі қарастырылады. Қазіргі цифрлық қоғам жағдайында шетел тілдерін оқыту үдерісі инновациялық технологиялармен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. Соның ішінде жасанды интеллект платформалары оқушылардың жазылым əрекетін жетілдіруге, грамматикалық сауаттылығын арттыруға, сөздік қорын байытуға жəне шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында ағылшын тілін оқытудағы жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктері, олардың жазылым дағдысын қалыптастырудағы рөлі жəне білім беру сапасына əсері талданады. Сонымен қатар цифрлық педагогика саласындағы ғалымдардың еңбектері негізінде жасанды интеллект технологияларының артықшылықтары мен кемшіліктері сараланады.