Published 2026-06-02
Keywords
- жасанды интеллект, əдебиет оқыту, мəтін талдау, цифрлық педагогика, сыни ойлау, шығармашылық тапсырма, əдеби шығарма, инновациялық технология, ChatGPT, білім беру.
Abstract
Бұл мақалада əдеби шығармаларды оқыту үдерісінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы талдау тапсырмаларын құрастырудың тиімділігі қарастырылады. Қазіргі цифрлық қоғам жағдайында білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану өзекті мəселеге айналып отыр. Əсіресе жасанды интеллект негізіндегі платформалар əдеби мəтіндерді талдау, шығармашылық тапсырмалар əзірлеу, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту жəне білім алушылардың қызығушылығын арттыру бағытында маңызды рөл атқарады. Зерттеу барысында əдеби шығармаларды оқытудағы жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, мəтіндік талдау тапсырмаларын автоматты құрастыру ерекшеліктері жəне олардың оқыту сапасына əсері қарастырылады. Сонымен қатар ғалымдардың цифрлық педагогика мен жасанды интеллект туралы ғылыми тұжырымдары негізінде əдеби білім берудің жаңа бағыттары сараланады.