Vol. 1 No. 1 (2026): COMPUTER LINGUISTICS: PROBLEMS, SOLUTIONS, PROSPECTS
Articles

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМЫН ДАМЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Published 2026-06-02

Keywords

  • цифрлық құралдар, шығармашылық жазылым, бастауыш сынып, қазақ тілі, цифрлық білім беру, инновациялық технология, интерактивті оқыту, жазылым дағдысы, оқыту əдістемесі, білім беру технологиясы.

Abstract

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жазылым дағдысын дамытуда цифрлық құралдарды пайдаланудың тиімділігі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқыту сапасын арттырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Əсіресе цифрлық платформалар мен интерактивті бағдарламалар бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жəне оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында шығармашылық жазылымның ерекшеліктері, цифрлық құралдардың оқытудағы рөлі жəне олардың бастауыш сынып оқушыларының жазу əрекетіне əсері талданады. Сонымен қатар цифрлық педагогика саласындағы ғалымдардың пікірлері негізінде инновациялық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері сараланады.