Опубликован 2026-06-01
Ключевые слова
- қазақ тілі, цифрлық корпус, жасанды интеллект, табиғи тілді өңдеу, агглютинативті морфология, машиналық аударма
Аннотация
Мақалада қазақ тілінің цифрлық корпусы мен жасанды интеллект технологияларының өзара байланысы, қазіргі жағдайы және болашақ даму бағыттары кешенді түрде қарастырылады. Цифрлық дәуірде тілдің сақталуы мен дамуы үшін корпусқа негізделген лингвистикалық зерттеулердің маңызы ерекше артып отыр, себебі жасанды интеллект жүйелерін оқытудың негізгі базасы ретінде сапалы және көлемді цифрлық ресурстар қажет екендігі дәлелденген. Қазақ тілі – агглютинативті морфологиялық құрылымы күрделі түркі тілі болғандықтан, табиғи тілді өңдеу жүйелерін құру ерекше сынақтар туғызады және қосымша лингвистикалық ресурстарды қажет етеді. Зерттеу барысында Қазақстанның ұлттық корпусы, KazParC параллелді корпусы, KSC және KSC2 дауыстық корпустары, KazakhTTS2 сияқты негізгі цифрлық ресурстар жан-жақты талданады. Сонымен қатар, ISSAI институты мен басқа да ғылыми орталықтардың жасанды интеллект саласындағы жетістіктері, соның ішінде автоматты сөйлеуді тану, машиналық аударма, мәтінді автоматты түзету жүйелері және үлкен тілдік модельдерді қазақ тіліне бейімдеу мәселелері қарастырылады. Төмен ресурсты тілдер үшін трансферлік оқыту, бэк-перевод және гибридті әдістер сияқты стратегиялардың тиімділігі сыни тұрғыдан бағаланады. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінің цифрлық экожүйесін дамытудың негізгі бағыттары айқындалып, корпустық деректердің сапасы мен көлемін арттыру, стандарттау жұмыстарын жүргізу, мамандар даярлау жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттілігі ғылыми тұрғыдан негізделеді.