Том 1 № 1 (2026): КОМПЬЮТЕРНАЯ ЛИНГВИСТИКА: ПРОБЛЕМЫ, РЕШЕНИЯ, ПЕРСПЕКТИВЫ
Статьи

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Опубликован 2026-06-02

Ключевые слова

  • жасанды интеллект, тілдік дағдылар, цифрлық білім беру, қазақ тілі, оқыту технологиясы, инновациялық əдіс, ChatGPT, цифрлық педагогика, коммуникативтік құзыреттілік, білім беру.

Аннотация

Бұл мақалада жасанды интеллект технологиялары арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мəселесі қарастырылады. Қазіргі цифрлық қоғам жағдайында білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану өзекті бағыттардың біріне айналып отыр. Əсіресе жасанды интеллект негізіндегі платформалар оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым жəне жазылым дағдыларын жетілдіруге, оқу мотивациясын арттыруға жəне дербестендірілген оқыту жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында жасанды интеллект құралдарының тіл үйретудегі мүмкіндіктері, олардың білім сапасына əсері жəне оқыту үдерісіндегі рөлі сараланады. Сонымен қатар цифрлық педагогика саласындағы ғалымдардың еңбектері негізінде жасанды интеллект технологияларының артықшылықтары мен кемшіліктері талданады.