Статьи
Опубликован 2026-06-01
Ключевые слова
- кеңістік және тұлға, хронотоп, Атырау өңірі әдебиеті, локальді символдар, экологиялық таным, көркемдік әлем.
Аннотация
Мақалада Атырау өңірі әдебиетіндегі кеңістік пен тұлға арақатынасы көркемдік-философиялық тұрғыдан талданады. Автор көркем шығармадағы хронотоп мәселесін қарастыра отырып, Жайық, Каспий, Нарын секілді локальді символдардың кейіпкер тұлғасын қалыптастырудағы рөлін айқындайды. Зерттеу барысында Ә. Сәрсенбаев, Х. Ерғалиев, Ф. Оңғарсынова шығармаларындағы табиғат стихиясы мен адам психологиясының сабақтастығы зерделенеді. Сонымен қатар, Махамбет жырларындағы өршіл рух пен қазіргі поэзиядағы экологиялық-рухани ізденістер салыстырылып, аймақтық әдебиеттің жалпыұлттық сөз өнеріндегі маңызы ғылыми негізделеді.